Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 5.3MB
Стратегиялық шолуPDF 4.1MB
Корпоративтік басқаруPDF 466.4KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 555.6KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 110.6KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 138.1KB
Бизнес географиясыPDF 184.4KB
Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымызPDF 171.5KB
Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзіPDF 126.5KB
Бас директордың сұхбатыPDF 151.2KB
Қаржылық жағдайға шолу және қаржы-экономикалық қызмет нәтижесіPDF 625.2KB

Іздеу

Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымыз

Дивидендтердің жалпы сомасы 2014

30 млрд

Бөлімді көшіріп алу (171.5 KB)

Сала ішіндегі жағдай және бәсекелестік басымдықтар

Акциялары LSE және KASE қор нарықтарында айналымда жүрген Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясы.

Мажоритарлы акционер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ ҰК) бас компания ретінде, орналастырылған қарапайым және артықшылық акциялардың жалпы санының 57,9%-на ие. 2009-2012 жылдардағы акцияларды кері сатып алу жөніндегі үш бағдарлама аясында Компания қарапайым және артықшылық акциялардың жалпы санының 8,3%-ын сатып алды. Қарапайым акциялардың шамамен 11%-дайы (қарапайым және артықшылық акциялардың 10,4%-ы) Қытай Халық Республикасының China Investment Corporation (CIC) мемлекеттік инвестициялық қорына тиесілі. Өзге акцияларына Ұлыбританияның, Еуропаның, АҚШ пен Азияның және Қазақстанның институционалдық инвесторлары иелік етеді.

Қазақстанның құрғақ жерлеріндегі мұнай-газ активтеріне деген басымдық құқы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы лицензияланбаған учаскелер бойынша жер қойнауын пайдалануға тікелей келісім негізінде, байқау жарияламай-ақ келісімшарт бекітуге құқылы. Сол сияқты, жер қойнауын пайдалану құқынан айыру жағдайларында және (немесе) стратегиялық маңызға ие кен орындары мен қойнау учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалану құқымен байланысты нысандарға қатысты жағдай туындаған жағдайда ҚМГ ҰК жер қойнауын пайдалануға және (немесе) жер қойнауын пайдалануға қатысты нысанның айыру құқын сатып алуға мемлекет атынан артықшылық құқын жүзеге асыру құқына ие. Егер екі жақты экономикалық мүдде қайшылығы туындайтын жағдай орын алып жатса, онда жоғарыда айтылған құқықтарды ҚМГ ҰК-ның еншілес компаниясы ретінде ҚМГ БӨ пайдалана алады.

2014 жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілгені белгілі. Атап айтар болсақ, қолданыстағы заң ұлттық басқару холдингінің немесе ұлттық компанияның қатысуымен мемлекеттің артықшылық құқын жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормалармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мұнай және газ өндіру мен мұнай және газ айналымының бірыңғай есеп жүйесін жасауға бағытталған нормалармен толықтырылды.

Миноритарлы акционерлердің құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық стандарттарға сай корпоративтік басқару

ҚМГ БӨ халықаралық стандарттарға сай корпоративтік басқару тәжірибесін белсенді түрде қолданып отырған қазақстандық кәсіпорын. Өткен жылдар ағымында корпоративтік басқару жүйесі нарық ішіндегі әр түрлі жағдайларда сын тезіне түсіп, рейтингтік агенттіктер мен сарапшылар тарапынан, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан ұдайы жоғары бағаланды.

Тиімді серіктестік қатынастар және қазақстандық мұнай-газ өндіруші компаниялардағы үлестік қатысу

ҚМГ БӨ төмендегідей мұнай өндіруші компанияларда бірлесе басқаратын 50%-дық үлеске ие: «Қазгермұнай» БК, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ), сол сияқты, «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясындағы үлесі 33%-ды құрайды. Осынау аты аталған компаниялардың қай-қайсысы болса да Қазақстанның мұнай және газ саласын дамытуға елеулі үлес қосып отырғанын айта кету керек. Олар, сондай-ақ өздері жұмыс істеп жатқан аймақтарда әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға кеңінен ат салысуда. Аталған компаниялармен арадағы қарым-қатынас тиімді нәтиже берумен қатар, ҚМГ БӨ компаниясының келешек дамуының мықты іргетасы болып табылатынын да дәлелдеп берді.

Ақшалай қаражаттың елеулі қоры

ҚМГ БӨ-нің қаржылық жағдайы орнықты және ол дивидендтер төлеуге және инвестицияларға қажетті жеткілікті қаржы-қаражатқа ие. Бұл өз бетімен немесе тиісті тәжірибесі және технологиялары бар стратегиялық әріптестермен бірлесе отырып активтер сатып алу тұрғысындағы ізденістерді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жете барланған қорлар

Негізгі активтерде ұзақ мерзімдік өндіріс жүргізуге жеткілікті жете барланған қорлар бар.

Акциялардың котировкасы

2014 жылы Лондон қор биржасында ҚМГ БӨ-нің бір жаһандық депозитарлық қолхаты (ЖДҚ) үшін берілген жоғарғы көрсеткіш бағасы 18,4 АҚШ долларын құрады, ал ең төменгі көрсеткіш – 12,7 АҚШ доллары. 2014 жылы бір ЖДҚ үшін орташа баға 15,6 долларды құрады.

Қазақстан қор биржасында 2014 жылы ҚМГ БӨ-нің бір қарапайым акциясына берілген ең қымбат баға 20 000 теңге, ал ең арзан баға – 13 905 теңге. 2014 жылы бір қарапайым акцияның орташа бағасы 16 741 теңгені құрады. 2014 жылы ҚМГ БӨ-нің артықшылық акцияларының ең қымбат бағасы 17 101 теңге болса, ең арзаны – 10 101 теңгені құрады. Бір артықшылық акцияның орташа бағасы 13 353 теңгені құрады.

Акционерлердің шешімі бойынша, 2014 жылы дивидендтер мөлшері бір акцияға шаққанда (қарапайым да, артықшылық та) 440 теңгені құрады (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес алынатын салықтарды қоса есептегенде). 2014 жыл бойынша есептелген дивидендт сомасының жалпы көрсеткіші шамамен 30 млрд теңгені құрады1 (162 млн АҚШ доллары шамасында)2.

2014 жылдың шілде айында ҚМГ БӨ Қоғамның мажоритарлы акционері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) – Компанияның еркін айналымдағы қарапайым акцияларын бір ЖДҚ үшін 18,5 доллар деңгейіндегі бағамен сатып алу мүмкіндігі жөнінде ҚМГ БӨ-нің тәуелсіз директорларымен алдын ала талқылау өткізгенін жария етті. Алдын ала талқылау хабарланған сәтте, төлем құны жөніндегі ұсыныс бір ЖДҚ бағасына 15% сыйақы түрінде деп есептелді.

ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу мүмкіндігі жөнінде алдын-ала хабарланған сәттен бастап Компанияның тәуелсіз директорлары ҚМГ ҰК-мен және оның кеңесшілерімен екі тарапты да қанағаттандыру мақсатындағы келісім жұмыстарын жүргізді. 2014 жылдың желтоқсан айында ҚМГ БӨ тәуелсіз директорлары ҚМГ ҰК-на бір ЖДҚ үшін 18,5 АҚШ долларын ұсынуға әзір екендіктерін жеткізді. Алайда, бұдан кейін ҚМГ ҰК-мен арада 2014 жылдың қорытындысы бойынша дивиденттер деңгейін белгілеу және төлеу мәселелерін талқылау әрі қарай жалғасты. 2015 жылдың қаңтар айында ҚМГ ҰК өз ұсынысын кері қайтарып алды.

2014 жылдың соңында ҚМГ БӨ акциялары мен ЖДҚ бағасы арзандап кетті. Бұл арада ықпал етуші басты фактор – мұнай бағасының төмендеуі. Әйтсе де, сарапшылар өз байламдарында: «ҚМГ БӨ қызметі мен акциялары үшін мұнай бағасы маңызды фактордың бірі болғанымен, ҚМГ БӨ қаржылық тұғыры орнықты компания екенін ұмытпау керек» дегенге басты назар аударды.

Тәуелсіз қадағалаушылардың бағасы

2013 жылдың тамыз айында Moody’s агенттігі ҚМГ БӨ компаниясына Baa3 жағымды болжам рейтингін тағайындады. Кредиттік қабілетке берілетін базалық баға «11» (21-дің ішінен) ресурстық және өндірістік базаны топтастыратын компания бизнесінің елеулі ауқымын көрсетеді; берешек деңгейі төмен және ақшалай ағын көрсеткіштері ойдағыдай. 2014 жылы рейтингтік көрсеткіш өзгеріссіз сол деңгейде қалды.

2015 жылдың наурыз айында Moody’s агенттігі «жағымды» болжамдағы Baa3 рейтингін кері шақырып алды, агенттіктің баспасөз мәліметінде: «іскерлік сипаттағы өз себептеріміз бойынша» деп көрсетілген.

2013 жылы Standard&Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ компаниясына BBB-/тұрақты деңгейіндегі кредиттік рейтингін тағайындады. Жағымды факторлар қатарында Standard&Poor’s Компанияның берешек деңгейінің төмен жағдайында ҚМГ БӨ-нің бос ақша қаражатын қалыптастыру мүмкіндігін ерекше атап өтті. Оның сыртында «мемлекет мажоритарлы акционер арқылы бақылап отырған мұнай-газ саласындағы ең ірі мұнай операторының кіріс деңгейінің тұрақтылығы мен нарық ішіндегі берік ұстанымы» сынды ҚМГ БӨ-ге тиесілі артықшылықтарға да айтарлықтай көңіл бөлді.

2015 жылдың ақпан айында Standard&Poor’s мажоритарлы акционер – ҚМГ ҰК-нің ұзақ мерзімдік кредиттік рейтингін төмендетті. Соның салдарында ҚМГ БӨ рейтингін ВВВ- көрсеткішінен ВВ+ деңгейіне дейін түсірді. Рейтингтердің өзгеру болжамы – жағымсыз. Рейтингтің төмендеуі Қазақстанның рейтингін ВВВ+ көрсеткішінен ВВВ деңгейіне түсіргеннен кейін орын алды. Төмендету себебі әр түрлі: мұнай бағасының арзандауынан, Қазақстанмен бірге ЕАЭО ұйымына кіретін Ресейдегі дағдарысқа дейін. «Біздің методологиямызға сәйкес, біз ҚМГ-нің ел экономикасындағы рөлін «айтарлықтай қиын» деп есептейміз» делінген агенттіктің хабарламасында. «Егер компания дефолтқа ұшырап жатса, онда, бұл, біздің пікірімізше, Қазақстан үкіметі үшін және ел ішіндегі өзге де мемлекеттік компаниялар үшін өте ауыр жағымсыз салдар қалдырмақ. Қазақстандағы мұнайға қатысты барлық елеулі операцияларда ҚМГ үлесі бар. Ол ел ішіндегі ең ірі экспорттаушы әрі ең ірі салық төлеуші компанияның бірі, сондай-ақ оның жергілікті нарыққа айтарлықтай төмен бағамен отын жеткізу және әлеуметтік маңызы бар жобаларды инвестициялау сынды бірқатар әлеуметтік мандаттары бар екені де белгілі», - деп көрсетеді S&P сарапшылары.

1 2015 ж. 7 сәуіріндегі жағдайға сай айналымдағы акциялар саны негізінде есептелген.
2 2015 ж. 7 сәуіріндегі жағдайға сай ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша аударылған.

Жабу

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (7172) 977 427
Факс: +7 (7172) 977 426

Инвесторлармен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97-54-33

Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz, A.Kaliyeva@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.:+7 (7172) 97-79-15
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz