Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 5.3MB
Стратегиялық шолуPDF 4.1MB
Корпоративтік басқаруPDF 466.4KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 555.6KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 110.6KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 138.1KB
Бизнес географиясыPDF 184.4KB
Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымызPDF 171.5KB
Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзіPDF 126.5KB
Бас директордың сұхбатыPDF 151.2KB
Қаржылық жағдайға шолу және қаржы-экономикалық қызмет нәтижесіPDF 625.2KB

Іздеу

Бас директормен сұхбат

Абат Нұрсейітов

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры

Абат Нұрсейітов 2012 жылдың қаңтарынан бастап ҚМГ БӨ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Компанияда 2006 жылдың қазан айынан бері жұмыс істейді. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнай және газ саласында 1986 жылдан бері: еңбек жолында мұнай және газ өндіру операторынан «Жетібайнефть» МГОӨ бастығына дейін жүріп өткен, ҚазҒЗӨИ мұнай институтында, «Торғай-Петролеум» ЖАҚ-да, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» компаниясының қазақстандық филиалында әр түрлі басқарушылық қызметтер атқарған. Қазақстан мұнайының 100-жылдығы және 110-жылдығы медальдарымен марапатталған. А. Нұрсейітов стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Оның өмірбаяны Бөлімді көшіріп алу (151.2 KB)

Қай жылды алсақ та, біздің Компания үшін жаңа ізденіске, жаңа серпіліске толы болды. Әйтсе де, нарық ішінде туындап жататын оқыс өзгерістер мен жағымсыз құбылыстарға қарамастан біз өз акционерлеріміз бен жұмыскерлеріміздің алдындағы міндеттерді қай кезеңде болса да барынша еңсере береміз деген сенімдеміз”.

Абат Ақмұқанұлы, 2014 жыл «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ үшін мерейтойлы жыл болды, алғашқы он жылдықтың қорытындысына қандай баға бересіз?

Әрине, осынау уақыт орамында біз әр түрлі жағдайларды бастан кештік. 10 жылдың ішінде жаңа компания құрып, оны Лондонның және Қазақстаннның IPO алаңдарына шығардық. Өндіруші және барлаушы активтердің қоржынын айтарлықтай кеңейтіп, ұлғайттық. Миноритарлы акционерлердің құқын қамтамасыз ететін халықаралық стандарттарға сай корпоративтік басқару жүйесін қалыптастырдық. ҚМГ БӨ қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып халықаралық стандарттардың озық үлгілеріне сай корпоративтік басқару қағидаларын қолданды. Сол сияқты Компания Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жұмыскерлермен арада ұжымдық келісімге қол қою тәжірибесін енгізді.

Осы он жылдың ішінде біз Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компанияның бірі болып табыламыз. 2004-2014 жылдары ҚМГ БӨ ел бюджетіне 2,7 трлн теңге шамасында салық төледі, бұл – 19 млрд АҚШ долларының маңайы деп түсініңіз. ҚМГ БӨ өз акционерлеріне дивиденд түрінде шамамен 600 млрд теңге (4,0 млрд АҚШ доллары) төлем жасады. Және де бұл арада дивидендтік төлемдердің 60%-дайы ҚМГ ҰК мемлекеттік холдингіне тиесілі.

Өз қызметінің алғашқы он жылдығында ҚМГ БӨ әлеуметтік салада 47 млрд теңге сомасынан асатын әр түрлі жобаларды жүзеге асырды. Бұл қаражат мектептер мен балабақшалардың, медициналық мекемелердің, спорт алаңдарының, балаларға арналған алаңдардың, мәдениет үйлері мен дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысына, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында бой түзеген Кендірлі балалар лагерін салуға, өзге де әлеуметтік маңызды нысандарды тұрғызуға жұмсалды.

Негізі, қарап отырсақ, қай жылды алсақ та, біздің Компания үшін жаңа ізденіске, жаңа серпіліске толы болды. Әйтсе де, нарық ішінде туындап жататын оқыс өзгерістер мен жағымсыз құбылыстарға қарамастан біз өз акционерлеріміз бен жұмыскерлеріміздің алдындағы міндеттерді толық орындап, сындарлы кезеңдердің қиындықтарын тиісті деңгейде еңсере алдық. Және де болашақта да еңсере береміз деген сенімдеміз.

Оқыс өзгерістер демекші, бұл тұрғыда 2014 жыл мейлінше қиын болды деуге бола ма? Жалпы, 2014 жылдың басты-басты түйткілдеріне тоқтала кетсеңіз.

Ең әуелі, 2014 жыл маңызды оқиғаларға толы болды дер едім және де бұл оқиғалар Компанияның ағымдағы жұмыс жағдайына ықпал етпей қойған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылдың ақпанында ұлттық валютамыз теңгенің бағамына түзету енгізілді. Осы сәтте Компанияның капиталдық шығындарының 20-30%-дайы шетелдік валютада болғанына қарамастан, біз капиталдық салымдар деңгейін жоспарланған көрсеткіште сақтай алдық. Макроэкономикалық сипаттағы өзге де оқиғаларға тоқталсақ, мысалға, экспорттық кедендік баж салығының мөлшерлемесі өсіп, транспорттық тасымалдау тарифтері шарықтап кетті. Теңгенің құнсыздануы мен Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу нәтижесінде ҚМГ ҰК компаниялар тобында еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға тура келді. Ал, 2014 жылдың екінші жартысына тоқталар болсақ, бұл кезеңде әлем нарықтарында мұнай бағасы әжептәуір құлдырап, ҚМГ БӨ алдында түйіні көп жаңа мәселелер туындады, қалай дегенмен, біздегі кен орындары негізінен кемеліне жеткен және соған сәйкес олардағы өндірістің өзіндік құны едәуір жоғары болып табылады. Сондықтан да мұнай бағасының төмендеуі салдарында, Компания активтердің қайтарым құнын бағалаудан өткізіп, 2014 жылдың төртінші тоқсанында 228 млрд теңге көлемінде құнсыздану шығындары орын алды деп таныды.

Бұл түйткілдер Компанияның өндірістік және қаржылық шығындарына қаншалықты әсер етті?

Десек те, біздің негізгі өндірістік активтеріміздегі өндіріс қарқыны жыл бойы тұрақты қалыпта өрбіп, біз жоспарда белгіленген деңгейден ауытқыған жоқпыз. ӨМГ және ЕМГ өндірген жалпы ауқым 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 1%-ға ұлғайды. Біздің біріккен және қауымдасқан кәсіпорындарымыздағы үлестерді есепке алғанда, мұнай өндірудің шоғырланған ауқымы 12,3 млн тоннаны құрады, яғни ПҚИ және ҚГМ бойынша мұнай өндіру көлемі табиғи негізде төмендегеніне қарамастан, шоғырланған өндіріс көрсеткіші 2013 жылдың деңгейінде қалды.

Орын алған бірқатар қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылы Лиман блогындағы Новобогат Оңтүстік Шығыс кен орнында сынақ жұмыстарын жүргіздік. Ал Қызылорда облысында біздің «Қазгермұнай» БК ЖШС базасында Ақсай мұнай-газ кен орны қолданысқа енгізілді.

Компанияның геологиялық барлау қызметі аясындағы 2014 жылғы басты оқиға, елеулі жаңалық – біздің компания Рожковское кен орнында жаңа мұнай қабаттарын ашты. Аталған кен орнын қолданысқа беріп, өндіріс жұмыстарын бастауды біз 2017 жылға белгілеп отырмыз.

Модернизациялау бағдарламасының нәтижесінде Компания өндірісті басқару және болжау тетіктерін әрі қарай нығайтуды қамтамасыз етуде. Бұл аймақтарға көз тіккен инвесторлардың басым бөлігі кеніштерді онда атқарылған шаралардың тиімділігіне қарай бағалайтыны белгілі. Модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыра отырып, ҚМГ БӨ эргономикалық өндірістің жоғары стандарттарына сай, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескерген заманауи іргелі компания болады деген үміттеміз.

Соңғы жылдары ҚМГ БӨ өзінің басымды бағыттарының бірі деп әлеуметтік саясатты алға тартуда. Бұл міндет менеджмент үшін әлі де өзекті шығар?

Біздің Компания өз қызметіндегі қай міндетке болсын асқан жауаптылықпен қарайды, бұл біздің Компанияның өзіндік ерекшелігі десем де болады. Біз Қазақстанның бiрқатар облыстарында орналасқан негізгі және бірлескен кәсіпорындарымызды қоса алғанда – құрамында 26 мыңнан астам адам бар үлкен ұжымды жұмыспен қамтып отырмыз. Және де біз оларға қажетті жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін барлық мүмкіндікті ескеріп, біздің өндірістік активтеріміз орналасқан аймақтардың әлеуметтік дамуына елеулі деңгейде қаражат салып отырмыз.

2015 жылға белгіленген негізгі операциялық міндеттер қандай, соған тоқтала кетсеңіз?

Ең басты міндет, бұл, әрине, орнықты даму көрсеткіштерін сақтап, өндіріс қарқынының тиімділігін арттыру. Біз бұл бағытта барынша күш жұмсап, ҚМГ БӨ болашақ дамуындағы қаржылық тұрақтылық іргетасын одан әрі бекітуге көңіл бөлудеміз. Осы арада, Компания инновациялық технологиялар ендіру бағытында шетелдік әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға әрдайым әзір отырғанын да айта кеткім келеді.

ҚМГ БӨ активтерді әрі қарай өсіру мақсатындағы геологиялық барлау шараларын жалғастыра береді. Бұл тұрғыда келешегі мол дейтін жобалар шығып жатса, онда біз инвестиция ауқымын ұлғайтуға дайынбыз.

Әлбетте, жоғарыда айтып өткенімдей, біздің өндіріс нысандарымыз орналасқан аймақтар мен біздің компаниялардың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары Компания үшін кезек күттірмес маңызды міндеттердің бірі болып қала бермек. Біздің Компания әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді ескеріп, күш жұмсауға қашанда дайын.

Жабу

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (7172) 977 427
Факс: +7 (7172) 977 426

Инвесторлармен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97-54-33

Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz, A.Kaliyeva@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.:+7 (7172) 97-79-15
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz