Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 5.3MB
Стратегиялық шолуPDF 4.1MB
Корпоративтік басқаруPDF 466.4KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 555.6KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 110.6KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 138.1KB
Бизнес географиясыPDF 184.4KB
Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымызPDF 171.5KB
Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзіPDF 126.5KB
Бас директордың сұхбатыPDF 151.2KB
Қаржылық жағдайға шолу және қаржы-экономикалық қызмет нәтижесіPDF 625.2KB

Іздеу

Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзі

Кристофер Хопкинсон,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бiрiнші орынбасары, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы

Кристофер Хопкинсон Шотландиядағы Сент-Эндрюс (St Andrews University) университетін бітірген. ҚМГ ұлттық компаниясына дейін International Petroleum, Imperial Energy компанияларында бас директор және BG Тобының Солтүстік Африкадағы активтері бойынша бірінші вице-президент қызметтерін атқарған. Сол сияқты, Shell және TNK-BP компанияларында әр түрлі қызметтерде болған.

Оның өмірбаяны Бөлімді көшіріп алу (126.5 KB)

ҚМГ БӨ өз ресурстарын қашанда тиімді етіп пайдалануға талпынады, бұл сырттан келетін келеңсіз факторлардың әсері алдында Компанияның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, алға қойған міндеттерді толыққанды орындауға мүмкіндік береді. Біз бұған кәміл сенеміз.”

2014 жыл мұнай және газ бизнесі үшін соңғы онжылдықтағы айтарлықтай қиын жыл болғанын өздеріңіз де білесіздер. Әлемдік мұнай компаниялары түгелдей дерлік мұнай бағасының төмендеуі тауқыметін бастан кешуде. Соңғы жарты жылда олардың бірқатары 40-50%-ға дейін арзандап кетті. Жағымсыз тенденциялар Қазақстанның мұнай және газ саласын да айналып өткен жоқ, оның ішінде, мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуінен бастап, Қашаған мұнайын өндіру мерзімінің шегерілуі мен барлау жобаларының бірқатарының кейінге қалдырылуы да бар.

Әйтсе де, нарық ішінде қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан ҚМГ БӨ 2014 жылға белгіленген міндеттерді толықтай орындап, макроэкономикалық тұрақсыздық кезеңінде де акционерлік құнын арттыру мақсатында өз жұмысын жалғастыра беретінін анық көрсетті. Бұған Компанияның қаржылық жағдайы да, өз активтеріне негізделген тұрақты өндіріс деңгейі де ықпал етуде. 2015-2019 жылдарға белгіленген бизнес-жоспарға сәйкес, біз негізгі активтердегі (ӨМГ және ЕМГ) мұнай өндіру ауқымын бұрынғы деңгейде қалдыруды көздеп отырмыз.

Әрине, мұнай бағасындағы соңғы өзгерістер Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне ықпал етпей қоймайтынын біз жақсы түсінеміз. Мұнай бағасындағы ауытқуларды ескере отырып КМГ БӨ өндіріс деңгейіне әсер етпейтін бірқатар шығындарды жоспарлы түрде қысқарту жұмыстарын қолға алуда, оның ішінде, алдымен, әкімшілік шығындар мен инфрақұрылымдық жобалардың шығындарын қысқарту шаралары да ескерілген. Сонымен қатар, басқару жүйесін жетілдіруге және өндіріс тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылмақ.

Айтқандай, Компанияның алдағы дамуындағы басты талаптың бірі – кемеліне жеткен кен орындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруға негізделіп, бұл тұрғыда бірқатар шараларды жүзеге асыру көзделген, мысалға, өндірістік шығындары оңтайландырып, энергия үнемдеу саясатын енгізу, мұнай өндіру коэффициентін арттыру жолдарын іздестіріп, өндіріс қарқынын тиісті деңгейде ұстау, т.б. Ал бизнесті өзгерту аясында ҚМГ БӨ қоржынындағы активтерді біртіндеп өсіре отырып, Компанияның қуат деңгейін арттыру мәселесі ескерілген.

ҚМГ БӨ әу бастан өз ресурстарын тиімді етіп пайдалануға түпкілікті көңіл бөледі. Бұл Компанияның тұрақтылығын сақтап, сырттан келетін тиімсіз факторлардың келеңсіз ықпалынан қорғануға, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. ҚМГ БӨ нарық ішіндегі өз тұғырын қай кезеңде де сақтай алады және де оқыстан орын алуы мүмкін қандай да бір қиындықтарды өз күшімен еңсеруге қашанда әзір. Біз бұған кәміл сенеміз.

Жабу

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (7172) 977 427
Факс: +7 (7172) 977 426

Инвесторлармен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97-54-33

Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz, A.Kaliyeva@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.:+7 (7172) 97-79-15
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz