Меню

Бөлісу

Тілі

Ағылшынша Орысша Қазақша
Жабу

PDF жүктеу

Есептің толық нұсқасыPDF 5.3MB
Стратегиялық шолуPDF 4.1MB
Корпоративтік басқаруPDF 466.4KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 555.6KB
Акционерлерге арналған ақпаратPDF 110.6KB

Есептің жекелеген бөлімдерін көшіріп алу

Қаржылық және операциялық көрсеткіштерPDF 138.1KB
Бизнес географиясыPDF 184.4KB
Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымызPDF 171.5KB
Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзіPDF 126.5KB
Бас директордың сұхбатыPDF 151.2KB
Қаржылық жағдайға шолу және қаржы-экономикалық қызмет нәтижесіPDF 625.2KB

Іздеу

Мүмкіндіктерді кеңейту

Жылдық есеп 2014

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – акциялары Қазақстан және Лондон қор биржаларында айналымдағы Қазақстанның ең ірі мұнай-газ компаниясы және Қазақстанда мұнай өндіруші басты компанияның бірі.

Толығырақ

«ҚазМұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2004 жылдың наурыз айында «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) және «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) компанияларының қосылуы негізінде құрылды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Компания Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша жетекші үштіктегі өз позициясын сақтап қалды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк» компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2014 жылы ҚМГ БӨ өндірген мұнай көлемі 12,3 млн тоннаны құрады (тәулігіне 250 мың баррель). Бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есепке алғанда, Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының шоғырланған ауқымы 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн тоннаны құрады (1,3 млрд баррель), оның ішінде 132 млн тоннасы (1,0 млрд баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазГӨЗ» ЖШС (Қазақ газ өңдеу зауыты) және «Орал Ойл энд Газ» ЖШС» (Федоровский блогы) компанияларының еншісінде.

Компания акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE), ал жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған.

Жабу

Мүмкіндіктерді кеңейту ...

... негізгі активтерді тиімді басқару арқылы

Мүмкіндіктерді кеңейту ...

... жаңа кен орындарын ашу арқылы

Мүмкіндіктерді кеңейту ...

... әлеуметтік тұрақтылықты сақтау арқылы

Біз өз активтеріміздегі мұнай өндіру тұрақтылығы мен тиімді өндіріс барысын арттыру арқылы өз мүмкіндіктерімізді әрі қарай кеңейте беремiз. Біз өз бизнесімізге инвестиция құюды жалғастыра отырып, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы мұнай және газ компаниясының бірі болып қала бермекпіз.

2015 жылға мұнай өндіру жоспары

Болжамдар бойынша, 2015 жылы мұнай өндіру ӨМГ бойынша шамамен 5,4 млн тоннаны (тәулігіне 109 мың баррель), ЕМГ бойынша 2,8 млн тоннаны құрамақ. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1% шамасындағы өсім көрсеткіші.

Активтер мен үрдістерді жаңартып, жетілдіру

Мейлінше басқармалы әрі болжамды өндірісті қамтамасыз ету үшін біз үнемі модернизациялау шарасын өткізіп отырамыз. Біз ескі құрал-жабдықтарды ауыстыруға, жаңа өндіріс нысандарының құрылысына және жаңа технологияларды ендіруге ұдайы инвестиция құю керек деп есептейміз, өз кезегінде бұл техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай, заманауи, өнімді ұйым жұмысын қамтамасыз ететін болады.

Мұнай өндірудің жаңа технологияларын қолдана отырып

Біздің кен орындарымыз 10 жылдан 100 жылға дейінгі уақыт орамында жұмыс істеп жатыр, сондықтан да біз үшін мұнай өндіру тиімділігін жоспарлы түрде арттыру барысында мейлінше қолайлы технология қолданған өте маңызды. 2014 жылы біз полимерлік бұрама сынды жаңа технология түрін сынақтан өткізе бастадық.

Компанияның мұнай-газ қоржыны мүмкіндігін арттыру мұнай және газ активтерін Қазақстанда да, шет елдерде де мұқият таңдауды талап етеді. Сала ішіндегі жетекші тұғырды сақтап қалу мақсатында біз келешегінен зор үміт күтуге болатын кеніштерде барлау жүргізуге көбірек көңіл бөлеміз.

Жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жөніндегі ынтымақтастық Меморандумы

2015 жылдың ақпанында ҚМГ БӨ мен ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің Геология комитеті жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жөніндегі өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Жаңа кен орындарын ашу

Былтыр Рожков кен орнында жаңа мұнай қабаты табылды. Ондағы барлау жұмыстарын Ural Group Limited (UGL) жүргізіп жатыр. Бұл компанияның 50% акциясын 2011 жылы ҚМГ БӨ сатып алған болатын.

Біз, корпоративтік әлеуметтік жауаптылық – мүдделі тараптардың барлығының ұзақ мерзімге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуші маңызды ұстаным деп есептейміз. Көп жағдайда біздің өндірістік қызметіміз біз жұмыс істеп жатқан өңірлердің әлеуметтік және экономикалық дамуына дем беруші бірден-бір көз болып табылады. Біз – аталған өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, сақтау жауаптылығын жақсы түсініп отырмыз.

Аймақтардың әлеуметтік тұрақтылығы

ҚМГ БӨ Қазақстанның бірқатар облыстарындағы өзінің негізгі және бірлескен кәсіпорындарында 26 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Компания мұнайшылардың еңбек жағдайын жақсартуға барынша ден қоюда, яғни өнеркәсіп нысандарымен қатар әлеуметтік-тұрмыс нысандарының құрылысына да қаржат бөлінуде. Біз үшін бұл аймақтардағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау өте маңызды, сондықтан да біз бұл өңірлерде мектеп, бала бақшалары, дене шынықтыру және сауықтыру орталықтары, мәдениет үйлері мен өзге де маңызды нысандардың құрылысына инвестиция салудамыз.

Адал еңбекке әділ жалақы

2014 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына кіретін кәсіпорындарда «Барлау және өндіру» бағытындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі енгізілді. Жаңа жүйені енгізу барысы біржарым жылға созылып, оған еншілес ұйымдардың мамандары да ат салысты. Жүйе бірыңғай тарифтеуге негізделіп құрылған.

Қызметкерлердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету

Бизнесті дамытуға Компания қызметкерлерінің тікелей ат салысуы маңызды көрсеткіш. Компаниядағы кадр тұрақтылығын сақтап, оларды үйретіп, оқыту, нақты мотивацияға негізделген тиімді персоналды дамыту, жаңа мамандарды қабылдау – Компанияның табысты жұмысының бір тармағы. Біз жыл сайын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, дамытуға мән береміз. Бірыңғай корпоративтік саясат пен стартегиялық басымдықтарды Компания ішінде тарату мақсатында біз қызметкерлер үшін кең ауқымды оқыту бағдарламаларын өткізіп отырамыз. 2014 жылы 43 мыңдай адамды қамтыған корпоративтік тренингтер, семинарлар және модульдық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Түсім, млрд теңге

+3,6%

2014
846
2013
817

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Ақшалай таза қаражат, млрд теңге

+18%

2014
727
2013
616

Қаржылық және операциялық көрсеткіштер

Мұнай өндіру, жылына, млн тонна

-0,5%

2014
12,3
2013
12,4

Директорлар кеңесі төрағасының алғы сөзі

ҚМГ БӨ өз ресурстарын қашанда тиімді...

Кристофер Хопкинсон

Бизнес географиясы

Сала ішіндегі жағдайымыз және бәсекелестік басымдықтарымыз

Қазақстанның ең ірі мұнай-газ компаниясы

Есептің толық
нұсқасын көшіріп алу

PDF 5.6MB

Бас директормен сұхбат

Қай жылды алсақ та, біздің Компания үшін жаңа ізденіске...

Абат Нұрсейітов

Жабу

Бізбен байланыс

Заңды мекен-жайы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
Қабанбай Батыр к., 17,
Астана, 010000,
Қазақстан Республикасы.

Тел.: +7 (7172) 977 427
Факс: +7 (7172) 977 426

Инвесторлармен байланыс

Тел.: +7 (7172) 97-54-33

Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz, A.Kaliyeva@kmgep.kz

Қоғаммен байланыс

Тел.:+7 (7172) 97-79-15
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz